Оқиға
1 мин оқу 40

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

<p class="isSelectedEnd">Астанада полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін бейнеролик түсірген ер адам ұсталды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Желіде полиция формасын киген 30 жастағы ер адамның қатысуымен түсірілген видеолар жарияланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Тексеру нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

Ер адамға құқық қорғау органдарының айырым белгілері бар формалық киімді заңсыз кигені және заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.

Астана қаласының полиция департаменті құқық қорғау органдарының нышандары мен формасын заңсыз пайдалануға және полицияның беделін түсіретін материалдарды таратуға жол берілмейтінін ескертті.

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

Ведомствоның мәліметінше, интернет кеңістігі тұрақты бақылауда және мұндай құқық бұзушылықтар жедел түрде анықталып отырады.

Бөлісу:
Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар