Алматы
1 мин оқу 30

Алматы әкімдігі: Family Park аумағына тұрғын үй салынбайды

<p>Алматы қаласының әкімдігі Family Park аумағында тұрғын үй кешені мен өзге де құрылыс нысандары салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы әкімдігі: Family Park аумағына тұрғын үй салынбайды

Қала әкімдігінің мәліметінше, қолданыстағы бас жоспарға сәйкес Family Park аумағы қоғамдық рекреациялық кеңістік, яғни саябақ ретінде сақталады.

«Қазіргі таңда тек саябақ аумағын кешенді жаңарту, көріктендіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін оны мемлекеттік басқаруға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Family Park қала тұрғындары мен қонақтарының демалысына арналған заманауи, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістік ретінде қызметін жалғастырады», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, саябақты ұзақ жылдар бойы жалға алып келген тарап оны дамыту мен күтіп ұстау жөніндегі міндеттемелерін толық орындамаған. Соның салдарынан инфрақұрылымға инвестиция салынбай, саябақтың жағдайы нашарлаған.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады

Әкімдік бастаманың негізгі мақсаты Family Park-ты қоғамдық демалыс орны ретінде сақтап, оны заманауи әрі қауіпсіз қалалық саябаққа айналдыру екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, жуырда Шымкент қаласында бұрынғы тұрмыстық қалдықтар полигонының орнына заманауи экопарк ашылған болатын. Аумағы 45 гектарды құрайтын саябаққа 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылған.

Бөлісу:
Алматы әкімдігі: Family Park аумағына тұрғын үй салынбайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар