Оқиға
1 мин оқу 40

Қостанайда заңсыз қоқыс төккен тұрғынға 865 мың теңге айыппұл салынды

<p class="isSelectedEnd">Қостанай облысында заңсыз қоқыс төккен тұрғынға прокуратураның араласуынан кейін ірі көлемде айыппұл салынды. Мәліметке сәйкес, Қостанай қаласының тұрғыны жүк көлігімен құрылыс қалдықтарын тасымалдап, оларды арнайы рұқсат етілмеген аумақта сақтаған. Алайда бастапқыда полиция тек ескерту жасаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда заңсыз қоқыс төккен тұрғынға 865 мың теңге айыппұл салынды

Дегенмен қолданыстағы заңнамада көлік құралдарын пайдалана отырып заңсыз қоқыс орындарын қалыптастырғаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Экологиялық талаптарды бұзғандарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Табиғатты қорғау прокурорының наразылығынан кейін сот полицияның бұрынғы қаулысын заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Нәтижесінде құқықбұзушы 865 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, өңірде осындай 10 дерек анықталған. Осыған байланысты заң талаптарын дұрыс қолдану мақсатында арнайы іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, уәкілетті органдардың жұмысы жетілдірілген.

Семейде зейнеткердің пәтерінен он КамАЗ қоқыс шығарылды

Қостанай облысының прокуратурасы тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға және экологиялық заңнаманы сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Қостанайда заңсыз қоқыс төккен тұрғынға 865 мың теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар