Шаруашылық
1 мин оқу 40

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

<p>Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары уақтылы әрі толық көлемде жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені Мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы Атырау және Маңғыстау облыстарында іс шаралар барысын бақылау жұмыстарын қолға алуда.

Биыл 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. 2024 жылмен салыстырғанда бұл көлем 30%-ға аз. Мұндай нәтижеге Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесінің едәуір жетілдірілуінің арқасында қол жеткізілді.

Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде сатып алу үдерістері орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты.
Сондай-ақ желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормасы қайта қаралып, 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Соның арқасында жұмылдырылған техника саны 556 бірлікке жетіп, 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.

Шегірткеге қарсы күрес қарқынды

Бұдан бөлек, фитосанитариялық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторингтік зерттеу жұмыстарына, ал 46-сы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «FITOCENTRE» қосымшасы іске қосылды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)-мен бірлесіп цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға бағытталған серіктестік жоба жүзеге асырылуда.
Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Бөлісу:
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар