Спорт
1 мин оқу 60

Бразилия құрамасы ойынның соңғы минутында Жапониядан жеңісті жұлып әкетті

<p>Әлем чемпионатының 1/16 финалындағы кездесуде Бразилия мен Жапония құрамасы арасындағы ойында 2:1 есебімен Бразилия командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бразилия құрамасы ойынның соңғы минутында Жапониядан жеңісті жұлып әкетті

Ойынның 29 минутында есепті бірінші болып Жапония құрамасы ашты. Кайсю Сано мергендігімен танылды. Матчтың 56-шы минутында Бразилия таразы басын теңестірді. Каземиро көзге түсті. 

Ойын соңына дейін қарсыластар есепті еселеу жолында жан аямай тер төкті. Негізгі уақыт аяқталып, қосымша минуттарда Бразилия құрамасы дегеніне жетіп, қарсыластар қақпасына екінші голды соғып кетті. Габриель Мартинелли командасын әлем чемпионатының келесі кезеңіне шығарды. 

Осылайша, Жапония әлем чемпионатындағы бәсекесін аяқтады. Ал Бразилия 1/8 финалына жолдама алды. Енді олар келесі кезеңде Норвегия мен Кот-д’Ивуар жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бөлісу:
Бразилия құрамасы ойынның соңғы минутында Жапониядан жеңісті жұлып әкетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар