Оқиға
1 мин оқу 20

Павлодарда көлік үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: қаза тапқандар бар

<p><strong>Павлодар қаласында Mitsubishi Carisma автокөлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін жарық бағанасы мен автобус аялдамасына соғылды. Жол апаты 29 маусым күні Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Павлодарда көлік үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: қаза тапқандар бар

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін көлік жарық бағанасы мен автобус аялдамасына соғылып, аударылған. Оқиға орнында екі адам көз жұмса, тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция жүргізушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Павлодарда дүкенді тонап, полиция көлігін ұрлаған ер адам жол апатына ұшыраған болатын. 

Бөлісу: