Қоғам
4 мин оқу 50

Адам капиталы – ҚТЖ дамуының басты кепілі

<p style="text-align: left;">&laquo;ҚТЖ&raquo; ҰК&raquo; АҚ адам капиталын дамытуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және кәсіби білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды дәйекті түрде іске асырып келеді. Саланың ауқымды трансформация&shy;сы жағдайында болашақ басшыларды даярлауға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, тұрақты кадр жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін бастамалар ерекше маңызға ие болады. Бұл жөнінде &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК&raquo; АҚ аппарат басшысы Ерлан Амандықов өз ойын былайша өрбітті.</p>

Адам капиталы –  ҚТЖ дамуының басты кепілі

Жастар кадрлық резерві: саланың болашақ көшбасшыларын дамыту

Компанияның негізгі жобаларының қатарында – Басқарма төрағасының Жас­тар кадрлық резерві, тәлімгерлік инс-титуты және Қор­ғаныс министрлігімен теміржол бейінін­дегі мамандарды даяр­лау жөнін­де­гі бірлескен бастама бар.

2025 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ком­па­нияның болашағы зор жас қыз­мет­­керлерін анықтауға және дамы­туға бағыт­­талған «Басқарма төрағасының Жас­­тар кадрлық резерві» жобасы іске қосылды.

Бүгінде компанияда 35 жасқа де­йінгі 35 мыңнан астам қызметкер жұ­мыс істейді. Жастар кадрлық резерві не­ғұр­лым ынталы және болашағы зор маман­­дарға кәсіби даму мен мансаптық өсу үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке ком­­панияның 161 жас қызметкері қатыс­ты.

о

Әр резервші үшін жеке даму жоспарлары мен мансаптық карталар жасалды. Қатысушылар басқарушылық, көш­бас­шылық және кәсіби құзыреттер бойынша оқытудан өтеді, компания бас­шы­лары мен сарапшыларының арасынан тәлімгерлермен жұмыс істейді. Сондай-ақ
ҚТЖ жұмысының әртүрлі бағыт­та­рын жетілдіруге бағытталған жоба­лау қыз­метіне қатысады.

Қазіргі уақытта резервшілер өз жо­ба­­ла­рын оқытуды, жүзеге асыруды жал­­­­ғастыруда. Жобалық баста­ма­лар­ды қор­ғау 2026 жылдың күзіне жос­пар­лан­­ған.

Бағдарлама компанияның ішкі кадр­лық әлеуетін дамытуға, кадрлық резервті қа­лыптастыруға, маман­­дардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау­ға ықпал етеді. 

Тәлімгерлік институты: кәсіби тәжірибені сақтау және бөлісу

Кез келген өндіріс саласында нұс­қау­­лықта жазылмаған жайттар бар. Тә­жірибелі жұмысшы штаттан тыс жағ­дайды орын алғанға дейін сезеді. Бригадамен қалай сөйлесу керектігін біледі. Регламенттің қай жерде жұмыс істейтінін, қай жерде жұмыс істе­мей­тінін түсінеді. Мұндай адам зейнетке шыққан кезде бұл тәжірибе де сонымен бірге кетеді. 2025 жылы компанияда тәлімгерлік қызметті ұйымдастырудың және білім беру мәдениетін дамытудың бірыңғай тәсілдерін айқындайтын тәлімгерлік туралы ереже жаңартылды.

Тәлімгерлік бағдарламасына қа­ты­су­ға деген қызығушылықты тәлім­гер­лер рөліне өтініш берген 1000-нан астам қызметкер растады. Іріктеу нәтижелері бойынша 400-ден аса үміткер белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдеді. Оның 137-сі жастар резервіне қатысушыларға бекітілді.

Олар үшін бес тақырыптық мо­дуль­ді: тәлімгерлік жүйесін, андрагоги­каны және TWI әдісін, коучинг пен кері байланысты, тиімді байланысты, эмоционалды интеллектіні, шешендікті қамтитын арнайы дайындық бағ­дарламасы ұйымдастырылған. Бұл маңызды сәт: тәлімгер жаңадан келгенге бекітіліп қойылған «аға» ғана емес, оған білімді қалай дұрыс беру керектігі де үйретіледі.

Үздік тәжірибелерді таратуға, қызметкерлердің компания кадрлық әлеуетін дамытуға қосқан үлесін тануға бағытталған «ҚТЖ үздік тәлімгері» байқауы тәлімгерлік мәдениетін да­мы­­тудың қосымша құралы болды. Тәлім­герлік институтын дамыту кәсіби құзы­реттіліктердің сабақтастығын қам­та­масыз етуге, жас қызметкерлердің неғұрлым тиімді бейімделуіне, компания ішінде бірегей өндірістік тәжірибені сақтауға ықпал етеді. 

Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кадр даярлау

Жұмыстың жаңа бағыттарының бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қорғаныс министрлігі арасындағы кадрларды кәсіп­тік даярлау саласындағы ынты­мақ­­тастықты дамыту.

Бастама кейіннен біліктілік куәлігін ала отырып, мерзімді қызметтегі әскери қыз­метшілерді қажетті теміржол маман­дықтары бойынша оқытуды ұйым­дастыруды көздейді.

ж

Пысықталатын модель шеңберінде Қорғаныс министрлігі әскери қызмет­ші­лердің белгіленген тәртіппен қызмет өткеруін қамтамасыз ететін болады, ал ҚТЖ жекелеген теміржол кәсіптері бо­йынша теориялық және практикалық даярлықты ұйымдастырады. Алынған білім мен дағдылар бағдарлама қатысу­шы­ларына қызмет аяқталғаннан кейін одан әрі жұмысқа орналасу мүм­кін­дік­те­рін кеңейтуге жағдай туғызады.

Компания үшін жобаны іске асыру сұранысқа ие жұмысшы маман­дық­та­ры­на кадрлық әлеуетті қалыптастыру бо­йын­­ша қосымша мүмкіндік туғызады, сондай-ақ жастар арасында теміржол кәсіптерін танымал етуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта жоба келісу және пилоттық іске асыруға дайындық сатысында.

* * *

Әртүрлі бағыттарға қарамастан, барлық үш жоба да компанияның адам капиталын дамытудың бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылады.

Жастар кадрлық резерві болашағы бар мамандарды дамытуға, болашақ басшылардың кадрлық әлеуетін қалып­тастыруға бағытталған.

Тәлімгерлік институты қызметкер­лер­дің ұрпақтары арасында кәсіби тә­жірибе мен білім беруді қамтамасыз етеді. Қорғаныс министрлігімен бірлес­кен бастама сұранысқа ие жұмысшы ма­ман­­дықтары бойынша кадрлар даяр­лау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағыт­тал­ған.

 Осы жобаларды кешенді іске асыру компанияның кадрлық тұрақтылығын нығайтуға, қызметкерлердің кәсіби құзы­реттерін дамытуға, теміржол сала­сының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін персоналды даярлау мен дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Дайындаған –

Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Бөлісу:
Адам капиталы – ҚТЖ дамуының басты кепілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар