Парагвай Германияны пенальти сериясында жеңіп кетті
<p><strong>Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық футбол құрамасының әлем чемпионатындағы тарихи жеңісіне байланысты 30 маусымды ресми демалыс күні деп жариялады. Бұл шешім құраманың Германияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Президент әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жарлықта бұл демалыс күні ұлттық құраманың тарихи жетістігін атап өту үшін берілгені айтылған. Сондай-ақ ол футболшыларға халыққа зор қуаныш сыйлап, миллиондаған парагвайлықтарды бір тудың астына біріктіргені үшін алғыс айтты.
Еске салсақ, Парагвай құрамасы Германиямен өткен кездесуде негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең ойнады. Пенальти сериясында парагвайлықтар 4:3 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Команда сапынан Хулио Энсисо негізгі уақытта бір гол соқты.
Енді Парагвай құрамасы 4 шілде күні Филадельфия қаласында өтетін 1/8 финал матчында Франция мен Швеция құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Бразилия құрамасы ойынның соңғы минутында Жапониядан жеңісті жұлып әкетті.