Аймақтар
2 мин оқу 40

Ақжайық – саяхат мекені

<p style="text-align: left;">Орал қаласында &laquo;Aqjaiyq Tourism Fest&raquo; фестивалі өтіп, &laquo;Бабалар ізі&shy;мен&raquo; ұлт&shy;тық спорт лигасының қорытындысы шыға&shy;рыл&shy;ды. Қадыр Мырза Әлі атындағы амфи&shy;театрда өткен ауқымды мере&shy;ке&shy;лік іс-шара өңірдің туристік әлеуетін, ұлттық мәдениеті мен спорттық мұрасын жан-жақты көрсетті.</p>

Ақжайық – саяхат мекені

Фестиваль барысында Батыс Қазақстан облысының бар­лық ауданы өздерінің туристік мүм­кін­дігін таныстырған көрме ұйымдастырды. Келу­ші­лерге Бөкей Ордасының тарихи-мәдени мұрасы, Нарын құмының табиғи ерекше­лік­тері, Шалқар көлінің шипалы қасиеті, өңірдің басқа да көрікті орындары туралы ақпарат өте қызықты болды.

Мерекелік алаңда түрлі ойын-сауық, таным­дық бағ­дар­ламалар ұйымдас­ты­рыл­ды. Балаларға арналған арнайы ойын аймақтары шат күл­кіге толды. Дәстүрлі садақ ату­дан шеберлік сағаттары өтіп, ұлттық спорт насихатталды. Фестиваль аясында өңір­дің туристік индустрия­сы да кеңінен таныстырылды. Жер­­гілікті туристік агент­тік­тер, аэроклуб, джип-тур ұйым­дас­тырушылары, сондай-ақ «Ақжайық», «Нұрберген» шипа­жайлары өз қызметін таныс­тырып, жаңа туристік бағыт­тар көпшілік назарына ұсы­нылды.

Осы күні бірнеше айға созылған «Бабалар ізімен» об­лыстық ұлттық спорт лига­сының жеңімпаздары ұлттық спорттың 12 түрімен марапатталды. Аударыспақ спортынан – Жәнібек ауданы, құнан жарысынан – Қазталов ауданы, топ бәйгеден – Ақжайық ауданы, тоғызқұмалақтан – Орал қаласы, асық атудан – Шың­ғыр­лау ауданы, бес асықтан – Қаратөбе ауданы, дәстүрлі садақ атудан, жамбы атудан – Орал қаласы, арқан тартыстан – Қазталов ауданы, көкпар ойы­нынан – Шыңғырлау ауданы, қазақ күресінен – Қаратөбе ауданы, теңге ілуден Орал қаласы командасы үздік шықты. Жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынды Сырым ауданы алса, Қаратөбе ауданына – ІІ орын, Ақжайық ауданына ІІІ орын бұйырды.

– Бұл фестиваль – біздің тарихымыз бен табиғатымыздың, ұлттық спортымыз бен мәдениетіміздің жарқын айнасы. Мұнда әрбір отандасымыз өз елінің ұлылығын сезінеді. Ақжайық – туризмнің жаңа мекені, рухтың жаңа ордасы болуға тиіс, – деді фестивальдың марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Ақжайық – саяхат мекені · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар