Марокко Нидерландыны пенальти сериясында жеңіп, 1/8 финалға шықты
<p>Әлем чемпионатының 1/16 финалында Марокко құрамасы Нидерландыны пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Мексиканың Гуадалупе қаласындағы «BBVA» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алғашқы таймда екі команда да сақ ойнағанымен, марокколықтар жиі шабуыл ұйымдастырды. Нидерланды қақпашысы Барт Вербрюгген мароккалық Ниль Эль-Айнауи мен Ашраф Хакимидің соққыларын қайтарып, командасын голдан құтқарды.
Матчтағы есеп тек 72-минутта ашылды. Нидерланды шабуылшысы Коди Гакпо мергендік танытып, командасын алға шығарды. Алайда ойынның 90+1 минутында қорғаушы Исса Диоп шабуылға қосылып, таразы басын теңестірді.
Қосымша уақытта мароккалықтар сапынан Суфьян Рахими гол соғуға мүмкіндік алғанымен, Вербрюгген оның жақын қашықтықтан бағыттаған добын қайтарып үлгерді.
Нәтижесінде пенальти сериясында Марокко құрамасы 3:2 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Жеңіс голын ПСВ клубында өнер көрсететін Исмаэль Сайбари соқты.
Енді Марокко құрамасы 4 шілде күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін 1/8 финалдық кездесуде Канадамен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилия құрамасы Жапониядан тек соңғы минуттарда басым түсіп, 2:1 есебімен келесі кезеңге жолдама алды. Ал Германия Парагвай құрамасынан пенальти сериясында жеңіліп қалды.