Батыс Қазақстанда 7 студент алаяқтарға көмектескені үшін сотталды
<p><strong>Интернет алаяқтар соңғы 5 айда дропперлердің көмегімен ел тұрғындарынан жымқырған 400 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Былтыр қыркүйек айынан бастап дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізіліп, 700-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша банк шоттарын заңсыз бергені немесе басқа тұлғалардың мүддесіне ақша аударымдарын жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бүгінде 216 дроппер жауапқа тартылып, оның 202-сі сот үкімімен сотталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Батыс Қазақстан облысында сот 19 жастағы 7 колледж студентін 3 жылға бас бостандығынан шектеді. Олар банк шоттарын ашып, қолжетімділікті алаяқтарға берген. Осы шоттар арқылы азаматтардан, оның ішінде зейнеткерлерден де жымқырылған 4 миллион теңгеден астам ақша өткен. Енді олар сот белгілеген шектеулерді сақтауға, мәжбүрлі еңбекке тартылуға және пробация қызметінің есебінде тұруға міндетті.
Егер бұл талаптар орындалмаса, жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, олар түзеу мекемесіне жіберіледі. Қылмыстық жауаптылықтан бөлек, дропперлерге банк тарапынан шектеу қойылып, шоттарды бұғаттау және өзге де қаржылық ықпал ету шаралары қолданылады.
Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды
Осындай тәуекелдер «Астана» халықаралық қаржы орталығында лицензиясы жоқ криптобиржаларда цифрлық активтермен сауда жасау кезінде де туындайды. Негізінде, мұндай алаңдар арқылы алаяқтар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырады.
«Егер бұрын өз шоттарыңызды үшінші тұлғаларға пайдалануға берген болсаңыз, құқыққа қайшы схемаларға тартылу қаупін болдырмау үшін дереу банк бөлімшесіне жүгініңіз немесе онлайн-банкинг арқылы картаңызды өзіңіз бұғаттаңыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының ескертпесіне сәйкес, құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескен тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Алаяқтардың құралына айналмаңыз», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды