Оқиға
1 мин оқу 30

Алматыдағы қауіпті кортеж: Түлектер мен ата-аналарға айыппұл салынды

<p><strong>Алматылық полицейлер қала көшелерінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қауіпті кортеж ұйымдастырған құқықбұзушылардың барлығын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматыдағы қауіпті кортеж: Түлектер мен ата-аналарға айыппұл салынды

Бейнежазбадан 2 қыздың көліктің терезесінен шығып тұрғанын көруге болады. Олардың соңынан келе жатқан тағы 1 шетелдік автокөліктің люгінен жас жігіт шығып тұрған. Қатарласа жүрген достары болған оқиғаның телефонға түсіріп отырған. Кортеж соңында жол талғамайтын көлік келе жатқан, оның терезелерінен де 2 жігіт төбе көрсеткен.

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Жолаушылардың мектеп түлектері екені белгілі болды. Жауапкершілікке 4 жүргізуші, кәмелетке толмаған 4 түлек және олардың ата-аналары тартылды. Барлығына айыппұл салынды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ата-аналарға – 20 АЕК, жүргізушілерге – 10 АЕК, ал жолаушылардың әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін мейрамхана, банкет залы, демалыс орны мен табиғат аясында өткізуге тыйым салғаны мәлім. Аталған мәселеге қатысты депутат Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, еліміздегі көптеген мерекенің әлдеқашан «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналып кеткенін, кейбір отбасылардың бітіру кешіне 300 мыңнан бастап, миллион теңгеге дейін сұралатынына шағымданатынын айтты.

Бөлісу:
Алматыдағы қауіпті кортеж: Түлектер мен ата-аналарға айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар