Денсаулық
1 мин оқу 40

Конгода Эбола індетінен 360 адам қайтыс болды

<p>Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 1274 адамға жетті. Соңғы деректер бойынша елде 360 адам көз жұмған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Конгода Эбола індетінен 360 адам қайтыс болды

Конго Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, індеттен 100-ден астам науқас сауығып шыққан. Ал шамамен 500 адам оқшауланған медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр.

Қатерлі дерттен ең көп зардап шеккен Итури провинциясында 1165 жағдай тіркелген. Сонымен қатар Солтүстік Киву өңірінде – 106, Оңтүстік Кивуда 3 жағдай анықталған. Жалпы індет Итури провинциясының 23 ауданына тараған.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Еске салайық, 15 мамырда Итури провинциясында 65 адамның өлімінен кейін елде Эбола індетіне байланысты эпидемия жарияланған болатын. Ал 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл індетке байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады. Жуырда Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Бөлісу: