Оқиға
1 мин оқу 40

Ақтауда саябаққа қойылған қоршау тұрғындардың наразылығын тудырды

<p><strong>Ақтау қаласы тұрғындары &laquo;Ақбота&raquo; саябағының айналасына қоршау орнатылғаннан кейін балалардың спорт үйірмелеріне жетуі қиындайтынына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;</strong></p>

Ақтауда саябаққа қойылған қоршау тұрғындардың наразылығын тудырды

Балалар үшін «Ақбота» саябағы спорт нысандарына апаратын ең қысқа әрі қауіпсіз жол болып саналады.

«Жаңа қоршаудың бойында тротуар қарастырылмаған. Сондықтан балаларға жолдың жүріс бөлігімен жүруге тура келуі мүмкін. Әсіресе қыс мезгілінде бұл тіпті қауіпті болады. Қазір олардың спорт кешендеріне баратын үйреншікті бағыты іс жүзінде жабылып тұр. Балалар енді жаттығуға қалай барады? Бұл шынымен де үлкен алаңдаушылық туғызады», дейді тұрғын.

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді

Әкімдік өкілдері жолдың қарсы бетінде орналасқан бос учаске арқылы өтуге болатынын атап өтті.

«Спорттық жаттығуларға бара жатқан балалар мен ересектер осы бағытты пайдалануы керек. Саябақтың қарсы бетінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар, көше жарығы және автобус аялдамалары бар. Бұл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде тұрғындардың қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік береді», деп хабарлаған әкімдік.

Қайта жаңғырту жобасын іске асыруға байланысты саябақ аумағы толық қоршалғанымен, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз балама бағыт сақталады.

Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?

Бөлісу:
Ақтауда саябаққа қойылған қоршау тұрғындардың наразылығын тудырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар