Әлем
1 мин оқу 40

Үндістанда 96 ауылды су басып, 4 адам із-түссіз жоғалып кетті

<p><strong>Үндістанның Ассам штатында толассыз жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласып, 96 ауылды су басты. Бірнеше күнге созылған нөсер салдарынан 22 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Үндістанда 96 ауылды су басып, 4 адам із-түссіз жоғалып кетті
Табиғи апаттан бір адам қаза тауып, 4 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 
«Су тасқынынан Дхемаджи, Налбари, Дибругарх, Чиранг, Лакхимпур және Кокраджхар округтерінен 22 124 адам зардап шекті. Олардың ең көп бөлігі – Дхемаджи ауданында. Мұнда су деңгейінің көтерілуінен 15 483 тұрғынға зиян келді. Тасқын су шамамен 1 690 гектар ауыл шаруашылығы алқабын жарамсыз етті», делінген хабарламада.
 

Сондай-ақ лай көшкін салдарынан тұрғын үйлер мен автомобиль жолдары бүлініп, 1965 жылы салынған теміржол көпірінің едәуір бөлігі опырылып құлағаны хабарланды.

Бөлісу:
Үндістанда 96 ауылды су басып, 4 адам із-түссіз жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар