Көліктен қол бұлғап көмек сұраған: Түркістанда полиция қыз алып қашу әрекетін тоқтатты
<p data-start="82" data-end="183">Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлердің мәліметінше, көлік ішінде отырған қыз қол бұлғаған. Автокөлік тоқтатылғаннан кейін ол салоннан жүгіріп шығып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен көмек сұраған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған фактіге қатысты қызды некеге тұруға мәжбүрлеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алайда кейінірек қыз жігітпен өзара келісім бойынша қарым-қатынаста болғанын, ал аталған жағдай екеуінің арасындағы жанжал салдарынан туындағанын түсіндірген.
Осыған байланысты ол ресми түрде арыз жазудан бас тартқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Таразда Алматы облысының үш тұрғыны 19 жастағы қызды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында ұрлағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.