Оқиға
1 мин оқу 30

Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмге шалдыққан бала жарақат алды

<p class="isSelectedEnd">Ақтөбеде аутизм диагнозы қойылған бес жасар баланың арнайы мектепте жарақат алуына байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады. Баланың анасының айтуынша, оқиға оқу орнының ішінде болған. Оның сөзінше, ұлын басқа тәрбиеленуші баспалдақтан итеріп жіберген. Сол кезде тәрбиеші балаларды қараусыз қалдырған көрінеді. Құлаған бала түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмге шалдыққан бала жарақат алды

Сондай-ақ әйел мектеп әкімшілігі оқиғадан кейін жедел жәрдем шақырмағанын және болған жағдай туралы өзіне бірден хабар бермегенін мәлімдеді. Ол оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, оларды зерттеп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тексеру шаралары қолға алынған.

Тексеру қорытындысы бойынша білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданады. Оқу орны қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, соның нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бұған дейін, Ақтаудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт жастағы баланың жарақат алуына байланысты қызметтік және сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмге шалдыққан бала жарақат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар