Жаңалықтар
1 мин оқу 263

Ынтымақтастық жалғасады

27-06-04 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларында одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуетін арттыра түсудің маңыздылығына тоқтала отырып, бұл үшін қажетті күш-жігер жұмсауға әзір екендіктерін атап өтті.
Бөлісу:
Ынтымақтастық жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар