Оқиға
2 мин оқу 50

Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндірушілердің жолы кесілді

<p><strong>ШҚО аумағында полицейлер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің заңды қызметін бүркемелей отырып, құрамында алтыны бар шикізатты өндіру мен өңдеуді ұйымдастырған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндірушілердің жолы кесілді

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында құқыққа қайшы схеманы ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, сондай-ақ өңір аумағында заңсыз қызметпен айналысқан шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталған.

Жүргізілген тінту шаралары нәтижесінде бірнеше автокөлік пен арнайы техника, ірі көлемдегі қаражат, оның ішінде 40 мың доллардан астам қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, сондай-ақ заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірген 4 адам ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген.

«Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының бұзылуына, табиғи ландшафттың өзгеруіне, жердің бүлінуіне және өңірдің экожүйесіне өзге де теріс әсерлердің туындауына әкеп соққан. Келтірілген экологиялық залалдың мөлшері тағайындалған сараптамалар шеңберінде анықталып жатыр», деді ол.

Оның сөзінше, бағалы металдардың заңсыз айналымы фактісі, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың өзге де баптары, оның ішінде қоршаған ортаға зиян келтіруге байланысты құқықбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Олардың түпкілікті құқықтық саралануы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша берілетін болады. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға, заңсыз схеманың өзге де қатысушыларын әшкерелеуге, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», деді Қуандық Алпыс.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды.

Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндірушілердің жолы кесілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар