Футбол
1 мин оқу 30

Парагвайда ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс жарияланды

<p>Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы тарихи жетістігіне орай 30 маусымды демалыс күні деп жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парагвайда ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс жарияланды

Парагвай президенті бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеп, тиісті жарлыққа қол қойғанын көрсетті.

«Парагвай құрамасының Германияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына тарихи жолдама алуына байланысты 30 маусым ұлттық демалыс күні болып жарияланады», делінген жарлықта.

Парагвай

Сондай-ақ Сантьяго Пенья ұлттық құраманың жейдесін киіп, теледидар алдында жарлыққа қол қойып отырған фотосын жариялады.

«Осындай қуаныш сыйлағандарыңыз үшін және миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктіргендеріңіз үшін рақмет», деп жазды Сантьяго Пенья.

Еске сала кетейік, Парагвай құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияны пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңген болатын. Енді Парагвай құрамасы 4 шілде күні Филадельфия қаласында өтетін 1/8 финал матчында Франция мен Швеция құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Бөлісу:
Парагвайда ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар