Әлем
1 мин оқу 50

Таиландта чемоданнан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды

<p class="isSelectedEnd">Таиландтың Паттайя қаласында 17 жастағы қыздың мәйіті жол чемоданының ішінен табылып, осы іске қатысты Австралия азаматы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, бейнебақылау камералары марқұм Тунчанок Донхомланың соңғы рет 25 маусым күні таңғы уақытта шетелдік азаматпен бірге Банг Ламунг ауданындағы тұрғын үй кешеніне кіргенін тіркеген. Кейін екеуі ғимараттың 15-қабатындағы бөлмеге көтерілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таиландта чемоданнан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды

Арада шамамен 18 сағат өткен соң камералар күдіктінің ғимараттан қара түсті чемоданды алып шығып, оны мотоциклге тиеп жатқанын түсіріп алған. Біраз уақыттан кейін ол тұрғын үй кешеніне чемодансыз қайта оралған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, теміржол маңынан табылған чемоданның ішінен жасөспірім қыздың мәйіті шыққан. Сараптама барысында оның денесінде ауыр жарақаттар болғаны анықталды.

АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілді

Полиция қыздың жоғалып кеткені туралы арыздан кейін күдіктінің ізіне түскен. Алайда тәртіп сақшылары оның бөлмесіне барған кезде ер адам ол жерден кетіп қалған. Көп ұзамай ол Бангкок әуежайында ұсталды.

46 жастағы Австралия азаматы өзіне тағылған айыптарды мойындамай отыр. Оның айтуынша, қызбен арада жанжал туындаған. Күдікті марқұм өзін пышақпен қорқытып, алдын ала келісілген сомадан көп ақша талап еткенін алға тартқан.

Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Қазіргі уақытта оған кісі өлтіру, мәйітті жасыру және кәмелетке толмаған адамды заңсыз алып кету баптары бойынша айып тағылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Таиландта чемоданнан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар