Әлем
1 мин оқу 40

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты

<p class="isSelectedEnd">Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінің салдары ауыр болып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 1719 адамға жетті. Бұдан бөлек, 5034 адам түрлі жарақат алған. Жалпы саны 22 мыңнан астам тұрғынның зардап шеккені хабарланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты

Ең күрделі жағдай Ла-Гуайра штатында қалыптасқан. Аймақта құтқару және іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Билік мәліметінше, ел бойынша 2500-ден астам ғимарат пен нысан зақымданған. Оның ішінде 189 құрылыс толықтай қираған.

Негізгі жер сілкінісінен кейін 609 афтершок тіркелген. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып жатыр.

Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарушылар бірнеше күн өтсе де үйінділер астынан тірі қалған адамдарды тауып жатыр. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасады.

Бөлісу: