Президент
1 мин оқу 50

Мемлекет басшысы: Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн

<p><strong>Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында&nbsp;инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн екенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Мемлекет басшысы: Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн

«Халықаралық ахуал уақыт өткен сайын күрделеніп, құбылып, тұрақсыздық белең алғанын көріп, біліп отырсыздар. Бұл жағдай жаһандық экономикаға орасан зардабын тигізіп жатыр. Халықаралық валюта қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырлы агенттіктерінің болжамы бойынша алдағы екі жылда әлем қауымдастығы, соның ішінде жекелеген мемлекеттер экономикалық жоспарларын жүзеге асыру кезінде едәуір қиындыққа тап болуы мүмкін. Бірақ еңсені түсіріп, үрейге бой алдыруға болмайды. Үкімет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді және ширақ жұмыс істеуге тиіс. Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн, сондай-ақ экономиканың қарқынын төмендетпей, керісінше, оның көрсеткіштерін ұлғайту қажет», деді Президент.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар