Экономика
1 мин оқу 80

Тоқаев: Энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық

<p>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайту мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тоқаев: Энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық

Президент экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жан-жақты дамыту қажеттігін айтты.

«Экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет. Бұл маңызды үштаған кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның да негізгі тірегі саналады. Сондықтан біз энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық. Осы мақсатта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін тек биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ең мықты құрамның бірі»: Тоқаев Парламенттің 8-шақырылымының депутаттарына алғыс білдірді

Мемлекет басшысы бұдан былай тиімсіз әрі артық шығынға әкелетін «әрлеу, яғни жөндеу» тәсілінен бас тартылып, барлық нысандар мен инженерлік жүйелерді түбегейлі жаңғыртуға басымдық берілетінін айтты.

Еске салайық, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Тоқаев: Энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар