Президент
2 мин оқу 61

Президент: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет

<p><strong>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін мәлімдеді. Президент теміржол, автокөлік және авиация инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударып, Астанада жаңа әуежай салу &ndash; кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Президент: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет

«Біз еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласына баса назар аударуымыз керек. Бұл сала стратегиялық маңызға ие. Біздің аймақтағы барлық елдер де осы бағытқа ден қойып жатыр, сондықтан, бәсеке күшеюде.

Теміржол саласының жүк тасымалындағы рөлін ескере отырып, мемлекет жаңа магистральдар мен вокзалдар салуға және оларды жаңғыртуға баса мән беріп отыр.

Былтыр Достық – Мойынты бағытының екінші желісі және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол іске қосылды. Биыл Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал, келесі жылы Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталады.

Еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын жақсарту міндетін де орындауымыз керек. Былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмысы басталды. Оның 6 мың шақырымы қолданысқа берілді.

Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет жасалды. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттерін жаңғырту ісі аяқталуы керек. Соңғы бес жылда ел аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі екі есе артып, 6 миллион тоннаға жетті. Былтыр автокөлікпен жүк тасымалдаушылардың табысы 1,5 триллион теңге болды», деді Президент.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді

Мемлекет басшысының айтуынша бұл – теміржол саласындағы кіріспен шамалас көрсеткіш. Осының өзі отандық автокөлік тасымалы саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Демек, мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдау керек.

«Авиация саласындағы табысымыз да көбеюде. Елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізілуде. Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет.

Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз», деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы: Алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ

Бөлісу:
Президент: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар