Құтқарушы
1 мин оқу 51

Алматы облысында тауда адасып кеткен 74 жастағы зейнеткер құтқарылды

<p>Алматы облысының Талғар ауданындағы &laquo;Ақбұлақ&raquo; тау шаңғысы курорты аумағында тауға аспалы жолмен көтерілгеннен кейін адасып кеткен 74 жастағы әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматы облысында тауда адасып кеткен 74 жастағы зейнеткер құтқарылды

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел аттанды. Аспалы жолмен жоғары көтерілген олар таулы аумақты тексеруге кірісті.

Павлодарда қамыс арасында 2 тәулік қалып қойған зейнеткер құтқарылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде егде жастағы әйел, бақылау алаңынан шамамен 3 шақырым төмен жерден табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге алып шықты.

Зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық болды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу: