Футбол
1 мин оқу 100

Әлем чемпионаты: Мексика және Эквадор матчы кеш басталды

<p><strong>ФИФА Мехикодағы &laquo;Ацтека&raquo; стадионы маңында найзағай соғу қаупіне байланысты Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матчтің басталуы 1 сағатқа шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Әлем чемпионаты: Мексика және Эквадор матчы кеш басталды

Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталуы керек болған, футболшылар алаңға жаттығу жасауға ойынның жоспарланған уақытынан кешірек шықты.

«Мехикодағы қолайсыз ауа райына, соның ішінде стадион маңындағы найзағай қаупіне байланысты футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матчтің басталуы жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге ауыстырылды», делінген хабарламада.

ФИФА барлық қатысушы мен көрерменнің қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алған еді.

Бөлісу: