Ұлттық экономика министрі: Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін баяулады
<p>Қазақстанда инфляциялық үдерістер біртіндеп тұрақтанып келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министр биыл Үкімет алдында инфляцияны 10%-дан төмен деңгейге дейін түсіру міндеті тұрғанын атап өтті.
«Инфляциялық процестер біртіндеп тұрақталып келе жатқанын атап өткен жөн. Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ға дейін баяулады. Бұл 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені және басқа да қабылданып жатқан шаралар аясындағы Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның келісілген іс-қимылдарының нәтижесі», деді Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин елімізде салмақты бюджет саясаты жүзеге асырылып жатқанын, ақша-несие саясатын үйлестіру сақталатынын, бәсекелестікті дамыту, ішкі өндірісті ұлғайту, нарықты тауарлармен қанықтыру және бизнес шығындарын азайту жөнінде шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы: Инфляцияға тәуелді емес бір ғана капитал бар – бұл адам әлеуетінің сапасы
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отырғанын атап өткен болатын.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн екенін айтты.