Инфляция
2 мин оқу 40

Инфляция 0,8%-ды құрады: Маусым айында қандай өнімдер арзандады?

<p><strong>Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тәтті бұрыш бағасы &ndash; 12,6%, қызылша &ndash; 7,8%, жұмыртқа &ndash; 3,8%, банан &ndash; 3,3%, баялды &ndash; 1,7%, қара шай &ndash; 1,1%, бидай жармасы мен алма &ndash; 0,8%, шоколад пастасы &ndash; 0,3% төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Инфляция 0,8%-ды құрады: Маусым айында қандай өнімдер арзандады?

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын бұйымдар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды.

«Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады. 

Ал ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%, суық су тарифтері 3,2% төмендеді», делінген хабарламада.

Жылдық мәнде 2026 жылғы маусым айында инфляция 10,3%-ды құрады. Бұл ретте жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өткен жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі сақталып отыр. Мәселен, қызылша – 26,9%, қызанақ – 23,8%, қияр – 20,8%, пияз – 15,9%, сарымсақ – 11,9%-ға арзандады.

Ұзақ пайдаланылатын жекелеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының төмендеуі жалғасып жатыр.

«Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда автомобильдер – 9,9%, кондиционерлер – 9,7% арзандады, сондай-ақ жекелеген дәрілік препараттар мен тұрмыстық техника да құнының төмендегенін көрсетіп отыр. 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда суық су тарифтері 40,8% төмендеді», делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі.

«2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады», делінген хабарламада.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмендетуді көздеп отырғанын атап өткен болатын.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн екенін айтты.

Бөлісу:
Инфляция 0,8%-ды құрады: Маусым айында қандай өнімдер арзандады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар