Президент
1 мин оқу 70

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

<p>Бүгін елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы»;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Президент: Құрылтайдың негізгі мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта белсенді жұмыс істеу

Заңдардың толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.

Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Сондай-ақ Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар