Спорт
1 мин оқу 50

Волейболдан жастар лигасы жарысы жаңа форматта өтті

<p><strong>Туризм және спорт министрлігі бекіткен жаңартылған ережеге сәйкес биылғы маусым алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Астанада волейболдан 2026-2027 жылғы жастар лигасының алғашқы туры аяқталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Волейболдан жастар лигасы жарысы жаңа форматта өтті

2012-2013, 2014-2015 жылы туған жастар лигасының жаңа маусымына орай ұйымдастырылған «BALALAR VOLLEYBALL FESTIVALY – 2026» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен Астана циркінде өтті. Фестиваль аясында еліміздің барлық өңірінен келген жас спортшыларға театрландырылған қойылым ұсынылып, цирк әртістерінің әсерлі өнері мерекелік кештің көркін қыздырды.

Алғашқы турдың қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар мен ойыншылар елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында салтанатты түрде марапатталды. Марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт комитетінің және Қазақстан волейбол федерациясының басшылығы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен медальдар табыс етті.

Волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті

Жастар лигасының келесі турлары маусым күнтізбесіне сәйкес жалғасады. Төрт турдың қорытындысы бойынша 2026-2027 жылғы маусымның үздік командалары анықталады.

Айта кетейік, Жастар лигасы – ел волейболының болашақ резервін қалыптастыратын маңызды жарыстардың бірі. Бүгінде ұлттық және жастар құрамаларында өнер көрсетіп жүрген көптеген волейболшылар өздерінің спорттық жолын дәл осы лигада бастаған.

Еске салайық, Филиппинде өткен волейболдан әйелдер арасындағы Азияның Ұлттар кубогінде Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға жолдама алған еді.

Бөлісу:
Волейболдан жастар лигасы жарысы жаңа форматта өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар