Оқиға
1 мин оқу 50

Сот үкімінен жалтарған әйел Ресейден экстрадицияланды

<p><strong>Сот үкімінен жалтарған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /></strong></p>

Сот үкімінен жалтарған әйел Ресейден экстрадицияланды

Бас прокуратураның мәліметінше, Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық соты 2024 жылғы 10 мамырдағы үкімімен әйел қарақшылық шабуыл жасағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Бірақ 2025 жылдың наурыз айында пробациялық бақылауда жүрген сотталған әйел жазасын өтеуден өз еркімен жалтарып кеткен. Бұдан соң, сот оның өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, оған халықаралық іздеу жариялаған.

2025 жылғы қарашада сотталған әйел Ресей аумағында ұсталған. Бас прокуратураның сұрау салуымен ол елге экстрадицияланып, жазасын әрі қарай өтеу үшін тергеу изоляторына қамалған.

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1,8 млрд теңге жымқырды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды.

Бөлісу:
Сот үкімінен жалтарған әйел Ресейден экстрадицияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар