Әлем
1 мин оқу 30

Германияда аурухана өртенді: 2 адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды

<p class="isSelectedEnd"><strong>Германияның солтүстік-шығысындағы Людвигслуст қаласындағы ауруханада болған өрт салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Германияда аурухана өртенді: 2 адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды

Билік мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында радиология бөлімшесінің шатырында тұтанған.

Өрт қазір бақылауға алынғанымен, оның шығу себебі әзірге анықталған жоқ.

Қазақстанда бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Ауруханада және оған іргелес ғимараттарда эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, науқастар аурухана аумағындағы қауіпсіз жерге орналастырылған. Қосымша ақпарат әзірге берілген жоқ.

Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртенді: 34 адам эвакуацияланды

Еске салайық, бұған дейін Германияда орман өртеніп, соғыстан қалған оқ-дәрілер жарылған болатын. Берлин маңындағы Трайзен қауымдастығының 650-ден астам тұрғыны эвакуацияланды.

Бөлісу:
Германияда аурухана өртенді: 2 адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар