Футбол
1 мин оқу 40

Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

<p><strong>Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрия футболшыларымен ойнаған Испания құрамасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен кездесуде испаниялықтардың сапынан екі голды Микель Оярсабаль 36 және 89-минуттарда соқса, Педро Порро 66-минутта қақпаға дәл бағыттады. Осылайша, Испания құрамасы Аустрияны 3:0 есебімен жеңіп, доп додасының 1/8 финалына шықты.

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

Енді олар Хорватияны жеңген Португалия ойыншыларымен келесі кезеңде кездеседі.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Бельгия құрамасы ғаламат камбэк жасап, жеңіске қол жеткізді.

Бөлісу: