«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгеретінін хабарлады.
Мекеменің мәліметінше, 4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
6 шілде – Астана күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Мемлекеттік корпорация кезекші орталықтардың тізімі алдын ала жарияланғанын атап өтті.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне қайта көшеді.