Нью-Йоркте аптап ыстықтан асфальт еріп кеткен
<p data-start="0" data-end="151"><strong>Аптап ыстық дүниежүзінің көп аумағына әсер етіп жатыр. Нью-Йорк қаласында ауа райының күрт ысуына байланысты асфальт еріп кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бейсенбі күні қалада ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Болжам бойынша 44 градусқа дейін жететін аптап ыстық демалыс күндеріне дейін сақталуы мүмкін.
Аномалды жоғары температураға байланысты қаланың кейбір көшелерінде асфальт жұмсарып, ери бастаған. Тіпті жол жабынын қолмен де зақымдап алуға болатыны айтылды.
Бұған дейін Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланғаны туралы хабарладық.
Айта кетейік, Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.