Руханият
2 мин оқу 51

Павлодарда 5 мыңға жуық оқушы бір мезетте Ахмет Жұбановтың күйін орындады

<p><strong>Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай 5 мыңға жуық оқушы көрнекті қазақ композиторы, ғалым Ахмет Жұбановтың &laquo;Би&raquo; күйін бір мезетте орындап, ұлттық музыка өнеріне құрмет көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Павлодарда 5 мыңға жуық оқушы бір мезетте Ахмет Жұбановтың күйін орындады

Мыңдаған домбыраның бір мезетте күмбірлеуі ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен халқымыздың рухани құндылықтарына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Биылғы мерекенің мәні ерекше. Себебі ол Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Мемлекет басшысы: Домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз

Ауқымды шараға «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені, М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы, қосымша білім беру ұйымдары және Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. 

«Домбыра сыныбының ұстаздары үшін Ұлттық домбыра күні – тағылымдық мәні зор ерекше мереке. Биыл бұл күннің маңызы одан сайын арта түсті, өйткені Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толып отыр. Оның бай шығармашылық мұрасы домбыра өнерінің үздік дәстүрлерін сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізуге шабыт береді. Ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілік балаларымыздың жүрегінде мәңгі сақталып, туған елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметін нығайта берсін», деді «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Дәурен Қуанов,
Ресей Президентіне әуежайда домбырашылар ансамблі құрмет көрсетті

Ауқымды іс-шара қазақтың күй өнері мен ұлттық музыкалық мұрасын дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды. Ұлттық домбыра күні мыңдаған оқушыны ұлттық мәдениет, ел тарихы мен төл өнеріміздің құндылықтары төңірегіне біріктірді.

Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады

Бұған дейін Астанада 2 000 оқушы бір мезетте күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындаған еді.

Бөлісу: