Елімізде бензин, дизель және мұнай өнімдерінің экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін
<p>Гуманитарлық көмек және Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын жеткізілімдер бұл шектеуге кірмейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға қойылған тыйымды тағы алты айға ұзартуды ұсынды.
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді
Ұсынысқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа қатысты шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін, ал одақтан тыс мемлекеттерге экспортқа қатысты тыйым 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін қолданылады.
Бектенов: Елде бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады
Тыйым салынатын өнімдер тізіміне бензин мен дизельден бөлек, жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, газойльдер, толуол, ксилол және битум да енгізілген.
Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылды.