Мысыр құрамасы Аустралияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
<p>Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустралия мен Мысыр құрамалары кездесті. Қос қарсылас арасындағы ойынның негізгі және экстра-таймы 1:1 есебімен аяқталды. Ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Кездесуде есепті 13-минутта мысырлық жартылай қорғаушы Эмам Ашур ашты. Ал екінші таймның 55-минутында Мысыр қорғаушысы Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып, таразы басы теңесті.
Қос қарсылас арасындағы ойынның негізгі және экстра-таймында ешкім таблоға өзгеріс жасай алмаған соң, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында Мысыр құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Аустралия құрамасы топтық кезеңде D тобында екінші орынмен плей-оффқа шықса, Мысыр құрамасы да G тобында екінші орыннан көрінген болатын.
Осылайша, Мысыр құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде мысырлық команда Аргентина мен Кабо-Верде жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Әлем чемпионаты: Бүгін 1/16 финалдағы соңғы үш жолдама сарапқа салынады