Жаңалықтар
1 мин оқу 301
Жазғы жаттығу
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында зымыран әскерлері мен артиллерия жеке құрамының лагерьлік жиындарында қайраттылық көрсетті. Бұл шара биылғы жылдың «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Есбол Аманғожаевтың басшылығымен Ақтау гарнизонына қарасты «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында өтті.
Жиынды өткізу мақсаты – батарея, взвод, бөлімше командирлерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау, кәсіби біліктілігін арттыру, техника мен қару-жарақты және оның ерекшеліктерін меңгеру.
Белгіленген жоспардағы № 10, № 16 тапсырмаларды орындау бойынша қарудан оқ ату ұйымдастырылды. Оған Д-30 аспандата ататын ауыр зеңбірегі, МТ-12 зеңбірегі, 1200 мм минометті батареялар пайдаланылды.
Тапсырманы орындау барысында әскери қызметшілер жақсы нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, гвардия сержанты Ж.Дәулетбаев Д-30 ауыр зеңбірегінен бір атқаннан нысанаға дәл тигізді. № 1 артиллериялық атуда 2-батарея (батарея командирі гвардия капитаны А.Кенжеғалиев) үздік нәтиже таныта білді.
«Егемен-ақпарат».Бөлісу: