Руханият
1 мин оқу 21
Ұлттық домбыра күні: ШҚО құтқарушылары ерекше челленджке қатысты
<p>Ұлттық домбыра күніне орай ШҚО құтқарушылары қазақтың ең танымал күйлерінің бірін орындап, өңірдің қала-аудандары арасын жалғаған ерекше рухани көпірге айналдырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

– Домбыраның күмбірлеген үні облыстың түкпір-түкпірінде бір мезетте шырқалып, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен ұрпақтар сабақтастығын айшықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін бұл күн – ұлттық дәстүрге деген құрметтің белгісі. Құтқарушылар адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғаумен қатар, Қазақстанның рухани құндылықтарын да қастерлеп, сақтауға үлес қосып келеді, деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде.
Бөлісу:
