Руханият
1 мин оқу 22

ЮНЕСКО басшылығы қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

<p>ЮНЕСКО басшылығы қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы &ndash; домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ЮНЕСКО басшылығы қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдени құндылығы.

«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды», деді Найеф әл-Файез.

Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұраны сақтау жолындағы бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.

«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.

Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезетте күй орындады

Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиі шырқалады. Қазақстандық дипломаттардың қатысуымен өтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақты түрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып келеді.

Бөлісу: