Еліміздің оңтүстігінде 40 градусқа дейін күн ысиды
<p><strong>«Қазгидромет» 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбіде еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 30-32 градусқа дейін жетеді.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Ауа температурасы 30-32 градус шамасында болады.
Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болжанып отыр. Ал Қарағандыда күндізгі температура салыстырмалы түрде төмендеп, 25-27 градус болады.
Синоптиктер ауа райы қолайсыз өңірлерде тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Айта кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, тамыз айы әдеттегіден ыстық болады. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.