Әлем
1 мин оқу 40

Эль-Ниньо құбылысы 2028 жылға дейін созылуы мүмкін

<p class="isSelectedEnd"><strong>Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде қазірдің өзінде мол жылу қоры жиналған. Бұл аймақтағы су температурасы қалыпты деңгейден шамамен 6 градусқа жоғары. Мұндай жағдай әлемнің көптеген өңіріндегі ауа райына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /></strong></p>

Эль-Ниньо құбылысы 2028 жылға дейін созылуы мүмкін

Эль-Ниньо Индонезияда, Оңтүстік Африка елдерінде және Оңтүстік Американың солтүстігінде құрғақшылыққа әкелуі ықтимал. Ал АҚШ-тың оңтүстігі мен Мексикада нөсер жауын жауып, су тасқыны болуы мүмкін.

АҚШ-та аптап ыстықтан кемінде 25 адам көз жұмды

2023-2024 жылдардағы алдыңғы күшті Эль-Ниньо кезеңі Бразилияда су тасқынын, ал Үндістанда, Индонезияда және Африка елдерінде құрғақшылықты туғызды. Соның салдарынан егін шығымы азайып, азық-түлік бағасы қымбаттап, экономикалық шығын көлемі 100 миллиард долларынан асты.

Аптап ыстықта көлікті қалай қорғауға болады?

Ғалымдар Эль-Ниньо жаһандық жылынуды күшейтіп, аптап ыстықтың, орман өрттерінің және басқа да табиғи құбылыстардың жиілеуіне ықпал етуі мүмкін екенін ескертеді. Мамандар ерте ескерту жүйелерін жетілдіріп, төтенше жағдайларға алдын ала дайындалуға шақырады.

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Бөлісу:
Эль-Ниньо құбылысы 2028 жылға дейін созылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар