Заң
1 мин оқу 40

Елорда тұрғыны өзгенің атына 1 млн 400 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген

<p><strong>Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру дерегін ашып, қылмысқа қатысы бар 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елорда тұрғыны өзгенің атына 1 млн 400 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефонынан, оның келісімінсіз мобильді қосымшасына кіргені анықталды. Кейін жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, оның атына 1 млн 400 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

Әлеуметтік желідегі алаяқтық: 3 миллион теңгені иемденген күдікті қолға түсті

Күдікті рәсімделген несие қаражатын өз мүддесіне жаратып, жәбірленушіге ірі көлемде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алаяқтарға банк шоттарын тауып берумен айналысқан

Полиция азаматтарды ұялы телефондарын бөгде адамдарға бермеуге, мобильді банкинг қосымшаларына биометриялық қорғаныс пен күрделі құпиясөз орнатуға шақырады. Қаржылық қосымшаларға заңсыз қол жеткізу салдарынан азаматтар қомақты материалдық шығынға ұшырауы мүмкін.

«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты

Айта кетейік, Атырау тұрғыны бала күнгі досының телефонын ұрлап, оның есепшотынан 1,2 миллион теңгеден астам қаражат жұмсағаны үшін сотталды.

Бөлісу: