Әлем
1 мин оқу 50

Дамаскіде Франция президенті тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды

<p><strong>Дамаскіде&nbsp;Франция президенті&nbsp;Эммануэль Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды. Елисей сарайы оның&nbsp;зардап шекпегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Дамаскіде Франция президенті тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды

Эммануэль Макрон дүйсенбі күні бірнеше француз кәсіпкерімен бірге Сирия астанасына барған. Осылайша Франция президенті Сирияда билік ауысқаннан кейін бұл елге барған алғашқы Батыс мемлекеті көшбасшысы атанды.

Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты

Куәгерлер Макрон таңертең президент сарайына келіссөздер жүргізуге кеткеннен кейін, Дамаск қаласының орталығындағы қонақүйге жақын маңнан қою түтін көтерілгенін көрген.

Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздің айтуынша, жарылғыш құрылғылардың бірі қоқыс жәшігіне, ал екіншісі Four Seasons қонақүйінің маңындағы автокөлікке қойылған.

Монакодағы тұрғын үй маңындағы жарылыс теракт емес, қастандық деп бағаланды

Le Figaro басылымының мәліметінше, жарылыс болған орындарға сиреналары қосылған жедел жәрдем көліктері жеткен. Ал қауіпсіздік күштері аталған ауданға апаратын көшелерді қоршауға алған.

Қазіргі таңда Макрон Сирияға сапарын жоспарға сәйкес жалғастырып жатыр. 

Қатардағы зауытта жарылыс болды: 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Бөлісу:
Дамаскіде Франция президенті тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар