Құтқарушы
1 мин оқу 51

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын құтқарылды

<p>Бүгін кешкі уақытта Қостанай қаласының бір шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы баспалдақ алаңында орналасқан электр қалқанынан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын құтқарылды

Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Қостанай облысы ТЖД күштері оқиға орнынан баспалдақ арқылы тұрғындарды эвакуациялады. 12 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарылды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына №2 шақыру дәрежесі бойынша Қостанай облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды.

Бөлісу: