Жаңалықтар
1 мин оқу 507

Ресейдің Барнаул қаласына әкім тұрақтамайтын болды

30-06-2015-BarnaulАЛМАТЫ. 30 маусым. Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Барнаул қаласының әкімі Игорь Савинцевтің үстінен қылмысты іс қозғады. Бұл туралы rus.azattyq.org хабарлады. Қала мэрі қызмет бабын асыра пайдаланған. Тергеушілер 2010 жылы Савинцевтің екі компанияға жер телімдерін арзан бағаға жалға бергенін анықтады. Әрі ол компания иелері Савинцевтің жақын туыстары болып шықты. Тергеу комитеті қала бюджетіне 11 миллион рубль (50 миллион теңге) шығын келгенін жариялады. Игорь Савинцев елдегі беделді партия – «Единая Россияның» мүшесі. Ол бұл қызметке 2010 жылы тағайындалған. Айта кетейік, Барнаул қаласының бұрынғы әкімі де жасаған қылмысы үшін қызметтен босатылып, сотталып кеткен болатын. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: rus.azattyq.org.
Бөлісу:
Ресейдің Барнаул қаласына әкім тұрақтамайтын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар