Мен үшін бітім аяқталды: Трамп Иранмен келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді
<p>АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеп, бұдан былай Тегеранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақ үй басшысы бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірге өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Мен үшін бітім аяқталды. Мен олармен енді ешқандай іс жүргізгім келмейді. Біз келісімге келеміз, бәрі ядролық қарудан бас тартуға келіседі. Бірақ кейін олар БАҚ алдына шығып, бұл мәселе мүлде талқыланбағанын айтады», деді Дональд Трамп.
Сонымен қатар АҚШ президенті өзінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Иранмен байланысты жалғастыруына қарсы емес екенін, алайда мұндай келіссөздерді «уақытты босқа өткізу» деп санайтынын жеткізді.
Баспасөз мәслихатында Трамп Испанияны да сынға алды. Ол Мадридтің НАТО-дағы қорғаныс шығындарын ішкі жалпы өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу жөніндегі міндеттемені орындамай отырғанын алға тартты.
Еске сала кетейік, мәлімдеме АҚШ-тың Иран аумағындағы нысандарға әуе соққыларын жасағаннан кейін жарияланып отыр. Бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы 80-нен астам нысанаға соққы бергенін хабарлаған болатын. Вашингтон операцияны Иранның Ормұз бұғазындағы үш мұнай танкеріне жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асырғанын мәлімдеді.