Оқиға
1 мин оқу 40

Петропавлдағы зауытта жарылыс болды: Жұмысшының денесінің 95 пайызын күйік шалды

<p><strong>Петропавлда асфальт-бетон зауытының қызметкері өрт салдарынан өндірістік жарақат алған. Оқиға бүгін таңертең болған. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Петропавлдағы зауытта жарылыс болды: Жұмысшының денесінің 95 пайызын күйік шалды

Зауыт аумағында битумды қыздыруға қолданылатын техникалық май тұтанған. ТЖД-нің 14 қызметкері 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік: Жазатайым оқиғалар дауы азаймай тұр

Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері

«Ауруханаға жеткізілерден бір сағат бұрын техникалық май жарылған. Ер адамның денесінің 95 пайызын II–IIIАБ дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік шалған. Сондай-ақ оған III дәрежелі күйіктік шок диагнозы қойылды», деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін өзгерту жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған едік.

Еске салайық, 5 мамыр күні Өскемендегі «Қазцинк» зауытының аумағында жарылыс болды. Оқиға кезінде үш адам қаза тапты. Ал 30 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында өндірістік жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмған еді.

Бөлісу:
Петропавлдағы зауытта жарылыс болды: Жұмысшының денесінің 95 пайызын күйік шалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар